Біріккен Араб Әмірлігі ресми өкілдерінің бірі жақында Катардан арадағы салқын қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін орынсыз талап қойған. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.
8 қазан күні Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қауіпсіздік бөлімінің лауазымдысы Ричад Халфан Твиттер парақшасында: «Егер Катар 2022 жылы сол елде өтетін Футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартса, барлық қиындықтардан құтылады», – деп жазған. Дегенмен бұл қисынсыз талапқа Катар билігі осыған дейін жауап қайтармады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында Сауд-Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Мысыр қатарлы төрт ел Катарды «терроризмді қолдап, аймақтардың тыныштығын бүлдірді» деп айыптап, дипломатиялық байланысты үзген еді. Барлық барыс-келісті түбегейлі тоқтатып, Катар дағдарысы деп аталатын геосаяси дағдарыс қалыптастырған болатын. Катар үкіметі бұл айыптаулардың барлығын терістеген.
Ал, байланысты жақсарту үшін әлемдік футбол додасын тоқтату сынды талабына, Катар жақтың қандай жауап қайтаратыны беймәлім.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр