Құрама Штат пен БҰҰ өкілдері Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар қатарына сол елдің заңсыз қаржыландыру желісінің бір бөлігі болып табылатын компанияларды да енгізуді талап етіп, Трамп үкіметіне қысымын күшейте түсті. БҰҰ жанынан Солтүстік Кореяның санкциядан бұлтару ісін қарайтын арнаулы комиccия құрылды. Бұл топ Солтүстік Кореяның қаржы жылыстатуына көмектесетін Қытай, Малайзия және Солтүстік Корея елдерінің 50-ден астам компаниясын тапты. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлайды.
Бұл компаниялар әлі де АҚШ Қазына департаментінің санкция тізіміне енбеген кәсіпорындар. Олар Солтүстік Кореяның қару-жарақ тасымалына қаржылай қолдау көрсетеді және ядролық бағдарламаларына қаржы аударуға көмектеседі деп айыпталып отыр. Бұған қоса, АҚШ заңгерлер мен Қазына департаментінің лауазымды тұлғалар 12-ден астам басқа компанияларды тізімдеп, бұл компаниялар Солтүстік Кореяның режимін санкциялардан құтқаруға немесе қолдау көрсетуге көмектесетініне деген қортынды шығарып отыр. Бірақ осының бәрі дерлік санкция тізіміне енгізілмеген.
Трамп үкіметіне бұл компанияларға шектеу қою жобасын алып шығуды талып еткенімен, Трамп қытайлық компанияларға қарсы санкцияларға қатысты өте сақтық танытуда. Оның себебі Трамп Қытай үкіметін Солтүстік Кореяның сауда және қаржыландыру желісін жабуға көндіруге тырысады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес