Осыдан екі күн бұрын АҚШ-тың Лас Вегас қаласында болған қарулы шабуыл бар әлемнің назарын өзіне аударды. Кейбір сарапшылар "бұл оқиға АҚШ-тың кез келген азаматы суық қаруға оңай қол жеткізе алуы салдарынан болып отыр" деп есептейді. Себебі Дональд Трамп қағидасы бойынша ел азаматтарының өзін қоғау үшін қару алып жүруге мүмкіндігі бар. Ал Жапонияда керісінше, қару сатып алу үшін емтихан тапсырасыз. Сондықтан да болар, бұл елде қарулы шабылдар мүлде аз кездеседі.
Егер сіз Жапонияда мылтық сатып алғыңыз келсе, шыдамдылықпен, сабырлылықпен күтуіңізге тура келеді. Әуелі күні бойы сабақ тыңдайсыз, сосын жазбаша емтихан тапсырасыз, ең соңында барып мергендігіңізді сынайтын сынақтан өтесіз, сынақтан кем дегенде 96 бал жинауыңыз керек.
Бұдан бөлек, аталған елде рухани жақтан сау-саламат екеніңіз және улы дәрі-дәрмек тұтынбағаныңыз, бұрын қылмысты болған-болмағаныңыз жан-жақтылы тексеріледі. Оған дәрігерлер, сақшылар араласады. Одан кейін барып туысқандарыңыз бен қызметтестеріңізді тексереді. Сондай-ақ, сақшылардың үстіңізге қару-жарақ жасырмағаныңызды анықтау үшін тінтуге құқығы бар.
Дүкендер мен сауда базарларында қару-жарақ сату шектелген. Жапониядағы 40 аймақта мылтық сататын дүкеннің жалпы саны 3 тен аспауы керек деген ереже бар. Тағы бір қызығы, сіз осы айналдырған 3 дүкеннен бұрын бір тал оқ сатып алған болсаңыз, енді екінші оқты сатып алу үшін, міндетті түрде алдыңғы алған оқтың атылғанын дәлелдеп, қабын (жезін) тапсыруыңыз керек. Сонда ғана екінші оқ сізге беріледі. Яғни Жапонияда аң ататын оқтың санын да билік басындағы басшы да анық біліп отыр деген сөз.
Мылтықты, оқты сақтау үшін сақшылар сізге көмектеседі. Әр жыл сайын оқ пен қару тексеріліп отырады. Ал 3 жылдан соң әрең қолыңыз жеткен мылтық пен оқ үкіметке қайта қайтарылады, рұқсат куәлігіңіз де күшін жояды. Тағы да мылтық алғыңыз келсе жоғарыда айтқан жолдарды қайта басып өтуіңізге тура келеді.
Міне, осындай талаптардың арқасында Жапонияда халық бейбіт өмір сүріп отыр.
Әділет Ахметұлы