Cауд Арабиясының «Араб жаңалықтар қызметі» агенттігі елдің королі Салман алғаш рет Ресейге ресми сапармен баратынын хабарлаған. Ол үкімет басшылары және жеке сектор өкілдерінің жоғары деңгейдегі делегациясын бастап барғалы отыр. Осылайша Салман ибн Абдул-Азиз әл-Сауд Ресей Федерациясына баратын алғашқы Сауд Арабиясының  патшасы болмақ. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты жазды.

Ресей үкіметінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұқаралық ақпарат құралдарына аталған сапарға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңге өткенін айтты. Ол сөзінде: «Араб әлемі басшыларының бірі ретінде, король Салман Араб елдері арасындағы маңызды тұлғалардың бірі. Біз бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін береді деп үміттенеміз. Әрі екі ел қарым-қатынасын тіпті де жақсарта түседі», - деді.

Кремль шенеуніктерінің айтуынша Ресей Сауд Арабиясымен диалогты сақтап тұруға барынша мүдделі көрінеді. Кезекті кездесу кезінде Орта-Шығыс мәселесі, әсіресе Сүрия ісі талқыланады деп отыр. Сауд Арабиясы көптен бері Сирия оппозициясын қолдап, Башар Асадтың биліктен кетуін талап етіп келген еді. Бұл жағынан Сауд Арабиясы мен Ресейдің майданы бір емес. Алдағы талқыдан кейін өзгерістер болады деп күтілуде. Ресей «Спутник» ақпарат агенттігінің хабарына сүйенсек, Салманның Ресейге сапары 5 қазан күні болмады.

“The Qazaq Times”