Жапонияның Toyota автоөндіріс корпорациясы Аустралияның Мельбурн маңындағы Альтон қаласындағы зауытын жабады. Зауыт жабылса кемінде 2500 адам жұмыссыз қалады. Бұл туралы ABC News хабарлады.
РБК сайтының мәліметінше, қалған 1300 қызметкер аталған елдің Виктория және тағы басқа да штаттарындағы офистерге, корпорация шеберханаларына жұмысқа орналасатын болады. Виктория штатының өндіріс жөніндегі министрі Уэйд Нунан осы күн Аустралия үшін "өте көңілсіз күн" болатынын атап өтті. "Бұл Викториядағы өндіріс дәуірінің аяқталғанының белгісі", - деді ол.
2016 жылы Аустралияда Ford компаниясы да зауытын жапқан. Енді қараша айында Оңтүстік Аустралияның Аделаида қаласында Holden автомобильдерінің өндірісі тоқтатылады. Автоөндірушілердің пікірінше, зауыттар өндіріс шығындарының жоғарылауы, фрагментті нарық пен шетелдік автоконцерндердің бәсекелес болуы себебінен жабылуға мәжбүр болған.
"Адамдар аустралиялық седандарды сатып алуды тоқтатты", - дейді Нунан. Оның сөзінше, кәсіпорындардың жұмысы ұзақ жылдар бойы мемлекет грантының есебінен жалғасып келген - оларға тіпті 100 миллион доллар бөлініпті. Алайда, 2015 жылы үкімет дотацияны біртіндеп тоқтатуға шешім шығарған. Енді 2018 жылдан бастап Аустралиядағы барлық автомобильдер импортталатын болады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі