Сүрияда ауыр жарақат алған Ресей полковнигі көз жұмды, деп хабарлайды РИА новости ақпарат агенттігі РФ Қорғаныс Министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомства баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей қарулы күштерінің полковнигі Валерий Федянин қыркүйектің 22-сі күні Сүрияның Хама провинциясына гуманитарлық көмек апаруға аттанған. Жолда ол мінген автокөлік минаға тап болып, салдарынан Федянин ауыр жарақат алған. Оны осыдан кейін Сүрия әскери ауруханасына, кейіннен Мәскеу қаласына жеткізген. Бірақ ресейлік дәрігерлер Василий Федянинді аман алып қала алмаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Сүрия Дейр-эз-Зор қаласын лаңкестерден азат ету кезінде ресейлік генерал Валерий Асапов оққа ұшқан болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды