Ирак күрдтері өзінің территориялық аумағына балайтын Киркук қаласы этникалық түркімендердің мекені саналады. Түркия «Анатолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда Киркуктегі «Түркімен майданы» түркімен шағын кәсіпкерлер одағына белгісіз адамдар шабуыл жасаған. Бұл туралы «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты жазды.
Қазірге дейін шабуылдан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға Киркуктегі Мусалла ауданында болған. Түркімен шағын кәсіпкерлер одағының ғимаратына 150 метр жерде жарылыс жасаған. Қазіргі кезде Мусалла полиция тараулары тергеу ісін жүргізуде.
Ирак күрдтерінің референдум өткізуіне байланысты осыдан бірер күн бұрын Киркуте жүріс-тұрысқа шектеу қойылған болатын. Киркук қаласы таластағы өңір саналатындықтан, әрі референдум өткізетін аймақтың ішіне қамтылғандықтан мұндағы қауіпсіздік шарасы үшін уақытша көшелерде жүруге шектеу жариялады. Бұл Киркуктегі түркімен әкімшілігі жағынан жасалған шара болатын.
БҰҰ-дан жеткен үндеуде референдумның таластағы Киркукті де қамтуы тұрақтылықты бұзуға жасалған шара екендігі туралы айтылған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі