Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің жұмысын оңтайлы үйлестіру және олардың қызметі жөнінде халықты уақытылы ақпараттандыру мақсатында kazkenes.kz сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Енді аталған сайт республикадағы барлық қоғамдық кеңестерді біріктіретін бірыңғай корпоративті алаңға айналады.

Қазіргі таңда қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы ақпарат  өңірлік әкімшіліктер, мәслихаттар мен мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланып келеді. Жүргізілген зерттеулер берілген интернет ресурстардағы қоғамдық кеңес қызметі жөніндегі ақпараттың қаралу деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігін дәлелдеді. Қазақстанның Азаматтық Альянсының директоры Ғ.Түзелбаевтың айтуынша, аймақтық қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігі, олардың халық үшін қолжетімді ақпараттық ресурстарда жарияланымдар жасау жиілігімен бағаланады. Сондықтан қоғамдық кеңестердің халықпен қарым-қатынасын нығайтып,

Сайттағы жаңашылдықтың тағы бірі – «сұрақ-жауап» айдары. Аталған айдарға кез келген азамат өзін толғандырған сауалы мен өтініштерін жолдай алады. Сайт модераторы сауалдың барлық талаптарға сай жолданғанын тексеріп, жариялайды. Егер сұрақ формасы белгіленген ережелерге қайшы келсе, модератор азаматтың ұсынған ақпараты неге жарияланбайтыны жөнінде түсіндірме хат алады.

Қоғамдық кеңестер – бұл мемлекеттік органдардан, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан құралған консультативтік-кеңестік және бақылаушы орган. Кеңес мақсаты қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдру.