Үндістанның салқын позициясына қарсы елдің ядролық қаруын дамыту бағдарламасын тез арада іске асыру керек. Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси мәлімдемесінде осылай деді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазып отыр.
«The Times Of India» басылымының хабарына қарағанда, 20 қыркүйек күні АҚШ Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетке жауап ретінде, Пәкістанның премьері мәлімдеме жасап, елдің ядролық арсеналды қазіргі уақытта толықтай қауіпсіз күйде екенін айтқан. Ол сөзінде: «Стратегиялық ядролық активтер үшін, біз өте қуатты және қауіпсіз басқару жүйесін әзірледік. Пәкістанның ұлттық командалық бюросының (NCA) қадағалауымен, біздің ядролық активтеріміз өте қауіпсіз процестен өтті», – деді.
Аббаси сол күнгі сөзінде Пәкістанда кез-келген тактикалық ядролық қаруды таратпайтынын, қысқа мерзімді ядролық қаруды дамыту ісі тек Үндістанның «салқын позициясына» қарсы тұру үшін екенін ескертті. Ол сөзінде басқа стратегиялық қарулар сияқты, Пәкістанның қысқа мерзімді ядролық қару-жарақты дамыту ісінің де Ұлттық Командалық Бюроның бақылауында болатынын атап көрсетті.