АҚШ Калифорния штатының солтүстігіндегі екі қала сәрсенбі күні бес ірі мұнай алыбының үстінен шағым түсіріп, мемлекеттік органдарға осы компанияларды климаттың өзгеруін жою үшін кейбір қажетті инфрақұрылымдық жобаларға төлем төлеуін мәжбүрлеуді талап етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Сан-Франциско мен Окленд үкіметтерінің арыз-шағымында, мұнай компанияларын жағалаудағы қалалардың теңіз деңгейінің көтерілуінен келетін залалдан қорғауға арналған инфрақұрылымдық жобаларына төлем төлеуін талап етіп отыр. Бұл осы талапқа сай сот процесінің алғашқы партиясы болып отыр.
Екі қаланың үкіметі жариялаған мәліметте, мұнай компанияларына су асты және басқа да инфрақұрылымдық жобалардың құнын көтеруін сұрады. Бұл жобалардың құны әлі белгісіз, бірақ миллиардтаған долларға жетуі мүмкін деп отыр.
Калифорнияның екі қаласы атап көрсеткен бес үлкен мұнай алыбы мыналар: Ұлыбританияның British Petroleum компаниясы (BP PLC, BP, Chevron Co.), «Шеврон» компаниясы (Chevron Co., CVX), ConocoPhillips компаниясы (ConocoPhillips COP), Exxon Mobil компаниясы (XOM) және Royal Dutch Shell PLC (RDSB) қатарлы әлемдік ірі мұнай компаниялары.