Бір күн бұрын, Жапония Сыртқы істер министрі Коно Таро, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон, Үндістан Сыртқы істер министрі Сушима Свараджа Нью-Йоркте кездесіп, кеңес өткізді. Үш тарап Үнді мұхитындағы Тынық мұхит аймағындағы кейбір «негізгі стратегиялық порттарда» инфрақұрылымдық ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы шешім қабылдады және теңіз қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі хабарлады.
Жапонияның «Kyodo News» басылымында сұхбат берген Жапония СІМ басшысы Коно Таро: «Жапония, АҚШ және Үндістан арасындағы еркін әрі ашық Үнді-Тынық мұхиты аймағын құру үшін ынтымақтастықты нығайтатын кез келді», – деген пікірін білдірген.
Үш жақты шешім аталған екі мұхиттың маңызды стратегиялық ұстанымдары бар жағалаудағы елдерге көмек көрсету үшін, инфрақұрылымдық инвестициялар арқылы осы аймақтағы байланыстарды нығайтады деп жоспарланған.
Жапон үкіметінің лауазымдысының бірі, үш ел арасындағы кеңесте нақты әлеуетке ие порттар туралы талқыланғанын айтты, алайда, нақты тақырыптарды ашып айтпаған. Келіссөздер барысында Америка Құрама Штаттары мен Үндістан Жапонияны «Марафон» теңіз бірлескен әскери жаттығуға тұрақты қатысушысы ретінде қарсы алды. Үндістан тарабы Үнді мұхитындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті. Тараптар үшінші күні Корей түбегі ядролық мәселесі бойынша пікір алмасты.