Үндістан үкіметі 16 қазан күні (Азық-түлік өнімдері күні) «Нөлдік аштық» деп аталатын бағдарламаны іске қосады. «The Times Of India» (Индия таймс) басылымының хабарлауынша, бұл - Үндістан болашағының ең басты проблемаларының біріне айналған ашаршылық пен өмір сүрудің қиындау мәселесіне қаратылған үкіметтік бағдарлама. Оған қоса, Үндістан қол қойған БҰҰ келісімі – «Тұрақты Даму Мақсаттары» қаулысының талабын орындау үшін жасалған шара. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлаған еді.
Аталған жоспарда солтүстік Уттар-Прадештегі Горахпур, Орегондағы Грабуд және Махараштрадағы Тана аймақтары бірінші кезекте қарастырылады. Үндістан үкіметі аграрлық секторға барынша күш беруге тырыспақ. Үндістанды жайлағалы тұрған аштық пен нашар тамақтану мәселелерін шешу үшін, тиісті ауыл шаруашылығы модельдерін дамытуды және көгалдандыру әдістерін енгізуді жоспарға алды. Елдегі жолға қойылған «Тұрақты даму мақсаттары» стратегиялық жоспарын 2030 жылға дейін орындалып болу үшін, ең бастысы елде ашаршылық болмас үшін, үкімет бағдарламаны көп салаларда іске асырмақ.
Бағдарламаны қаржыландыратын және ғылыми-зерттеуге қолдау көрсететін ұйымдар ретінде Үндістан ауылшаруашылық зерттеулер кеңесін, Үнді медициналық зерттеулер кеңесін, М.С. Суаминатан ауылшаруашылық зерттеу қоры және Биотехнология саласын зерттеуге жәрдемдесу жөніндегі комитетін (BIRAC) атауға болады. Сондай-ақ, тамақтану бойынша кеңес беру орталықтары, «нөлдік аштық» тренинг бағдарламасын бастауға көмектесетін, агроөнеркәсіптік жүйелерді ұйымдастыру сияқты тиісті мемлекеттік органдар да тартылатын болады.
Үндістан Үкіметі елде тамақтану проблемасын шешудің басқа жоспарларын дайындады. Онда мәселені 2020 жылға дейін шешуге бағытталған жоспарлар бар. 2015 жылы Үндістан және өзге елдер БҰҰ бекіткен «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасын қабылдады. Бұл нұсқаулық бойынша, Үндістан үкіметі азық-түлік өндірісінің тұрақты жүйесін қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бірге елде икемді аграрлық модельді енгізуі керек болған.