Facebook-ті ашқан Марк Цукерберг компаниясына «виртуалды шындық» (бұдан былай VR)  идеясын ұрлады деген  айып тағылды. Соған байланысты ол бүгін Далластағы сотқа өзінің компаниясын қорғау үшін барады.

ID Software  ойын студиясына қарайтын ZeniMax Media,  Facebook компаниясынан $ 2 млрд АҚШ долларын талап етіп отыр. ZeniMax айтуы бойынша оның VR құрылғысының заңсыз көшірмелері пайда болған. Алайда сол уақытта Oculus-тың жеке Рифт деп аталатын құрылғыларын іске қосқан.

Oculus-ты Цукербергтің компаниясы 2014 жылы сатып алған және алдағы 10 жыл көлемінде қолданыста болады деп жоспарланған.    Марк Цукерберг былай дейді:   «Oculus және оның өндірушілері, бұл жұмысқа біраз уақыты мен қыруар қаражатын бөлді. Өзге компаниялардың еңбегін ешбір еңбексіз, тәжірибесіз, сот процесін пайдаланып тартып аламыз деуі бізді таң қалдырды». Сот құжаттарына сәйкес: «Кармак ZeniMax-қа тиесілі интеллектуалды меншік объектілерін жасырын және заңсыз құжаттарды көшірген».Өткен аптада, сот отырысында Zenimax адвокаты Тони Самми осы іс туралы  «технологиялық  ұрлықтың ең үлкені» деп айтқан. Алайда, оған Кармактың өз жауабы бар. Ол келісімшарты бойынша өзге бәсекелес емес компаниялармен жұмыс жасай беретіндінгін жеткізді. Марк Цукерберг қатысатын сот отырысы бүгін болады.

«The Qazaq Times»