Қазақстанда Орталық Азия бойынша халал өнімдер сатылатын Aladdin Street  атты электронды сауда алаңы іске қосылады. Бұл туралы LS хабарлады. 

Aladdin Street Central Asia компанясының бас директоры Алмаз Түбековтың мәліметінше, сауда алаңы арқылы келесі жылдың соңына дейін 4,2 млн қазақстандық, 2020 жылға қарай Орталық Азияның 68 млн халқы өніммен қамтылады.

"Біздің сауда алаңына қызығушылық танытып отырған қазақстандық өндіріс компаниялары мен қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Қазақстан мұсылмандардың қолдауы бізге көмекеседі. 2018 жылға қарай бізде нақты нәтижелер болады деп ойлаймын", - деді Түбеков.

Бұл компания - халал стандартына сай келетін премиум кластағы әлемдегі бірінші онлайн дүкен болмақ. Онда ет өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер сатылатын болады. Сауда алаңы арқылы тауарлар әлемнің 30 еліне жеткізілмек.

Компания басшыларының сөзінше, 2016 жылы халықаралық халал нарығы 2,3 трлн долларға жеткен, 2019 жылға қарай 3,7 трлн доллар болады деп болжанып отыр.

“The Qazaq Times”