Жақын күндері Жапонияның премьер-министрі Шинзр Абе (Shinzo Abe) Үндістанға сапарлай барды. Үндістан басшысы Моди жапон бас уәзірін жылы қарсы алды. Екі ел басшысы Жапония мен Үндістан арасындағы теңіз қауіпсіздігі ынтымақтастығын орнатуға келісті. Сондай-ақ Үндістанның жоғары жылдамдықты теміржолдың ашылу салтанатына қатысты. «Азия-Африка даму дәлізі» жобасын іске асыруды да талқыға салынды. Бір сөзбен айтқанда екі елдің ынтымақтастық келісімі тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылардың пікірінше Жапония мен Үндістан қарым-қатынасы берік достық кезеңіне қадам қойған.

«The Times of India» басылымының хабарына қарағанда, Жапония премьері кеше Үндістанға жетіп, сол елдегі екі күндік сапарын бастаған. Сол күні Үндістан премьер-министрі Модимен Гуджараттағы Ахмедабад ежелгі қаласын бірге аралаған. Бұл реткі сапарында Абе Үндістан басшысымен бірге жоғары жылдамдықтағы темір жолдың ашылу салтына қатысты. Бұл темір жол құрлысын салу келісімі, жапон басшысының 2012 жылғы Үндістан сапары кезінде жүзеге асқан. Сол кезде екі ел бірлесе отырып Үндістан жерінде 500 шақырымдық жоғары қарқындағы темір жол салу келісімін жасасқан болатын.

Үндістан басшысы жапон бас уәзірін өзі шығып қарсы алды. әрі құрмет-қошаметпен күтіп алды. Фото: Livemint.

Жапония мен Үндістан арасының жақындауы екі елдің ортасында жатқан Қытай үшін үлкен уайым болатыны айдан анық. Себебі, аталған екі ел де Қытайдың Азиядағы басты қарсыластары деуге болады. Стратегиялық даму жағынан болсын, экономикалық ықпалының артуы жағынан да Қытай Үндістан мен Жапонияны өзінің өңірдегі негізгі әріптесі деп қарайды. Соңғы кездері Қытайдың Үндістан мен Жапонияға болған қарым-қатынасында үлкен араздықтар орын алды. Үндістанмен болған шекара дауы болсын, Жапониямен болған тарихи теке-тіресте болсын, бұл елдермен болған қарым-қатынасын салқындатып келді. Ендігі жерде Жапония мен Үндістанның тығыз достық қарым-қатынасқа өтуі Қытайды қынжылтпай қалмайды.

Қытай және өзге елдердің сарапшыларының пікіріне қарағанда, Үндістан мен Жапония белгілі бір дәрежеде конвергенцияға ие, алайда, стратегиялық даму бағыттарының ұқсамайтындығын елемей қоюға болмайды. Бұл екі елдің қарым-қатынасы тым нәзік күйде. Әріптестік селбестік те бар, қарсылық позициясы да бар. Бір тарап достық пейіл танытса ғана екінші жақ қолдау көрсетіп отырады. Қос тарапта бірдей ортақ мүдделерге ұмтылу кемшілдік етеді деп қарайды.

Қытай сарапшылары екі ел қарым-қатынасының кемшіліктерін тере айтуға тырысып көрді. Олардың сөзіне сенсек, Үндістан Жапониямен барынша достық қарым қатынаста болғысы келеді, алайда, екі елдің байланысы тұрғысында Жапонияның жетегіне еріп кеткісі келмейді. Азия мен Тынық мұхиттағы жағдай өте нәзік күйде. Сондықтан, Жапония мен Үндістан бірлескен теңіз жаттығуларын жалғастыра беруі, аймақтық тұрақсыздықты күшейтті деп қарайды. Бұл пікірлерінің өзінен Қытайдың осы аталған екі ел арасының жақындап, экономика мен әскери істерде Азия-Тынық мұхит өңірінде өзіне басты қарсылас болуынан алаңдайтынын білдіреді.

“The Qazaq Times”