АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті федералды органдарға үкіметтік компьютерлерде орнатылған ресейлік «Касперский Зертханасы» желілік қауіпсіздік компаниясының өнімдерін тауып, оны алып тастауды бұйырды. Олардың айтуынша, Ресейлік барлау агенттігі «Kaspersky Software»-ді пайдаланып, Құрама Штаттың қауіпсіздік жүйесіне шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы «The Wall Street Journal» өзінің ресми сайтында жазды.
Бұл АҚШ барлау ұйымдарының «Ресей 2016 жылғы президент сайлау ісіне кедергі келтірді» деген айыптауларының жаңа бір мазмұны деуге болады. АҚШ барлау агенттіктерінің қарауынша, Ресей жақ компьютерлік жүйелерге шабуыл жасау арқылы Демократиялық Ұлттық Комитеттен (Democratic National Committee) ақпарат және басқа құралдарды ұрлаған. Сол арқылы Дональд Трамптың дауыс беру ісіне араласып, оның сайлаудағы басымдығына әсер еткен деп санайды.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің бұл шешімі Касперскийдің өнімдеріне ауыр соққы болмақ. Шын мәнінде Ресейдің халықаралық компьютер өнімдері бизнесіне шыға алған кәсіпорындары өте аз. Касперский болса осы аздаған кәсіпорындардың біреуі. Бір кездері бұл компания үкіметтік келісімшарттарды жеңіп алып, өнеркәсіптік бақылау жүйелеріне қауіпсіздік өнімдерін сатумен АҚШ нарығындағы өз үлесін кеңейткен болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр