Әлемдік туризмнің танымал нысандарының бірі Дубай қаласында су үстіндегі қалашықтың құрылысы басталғалы жатыр. Құны 680 млн АҚШ доллары болатын жаңа жоба Италиядағы Венеция қаласына ұқсатып салынбақ.
Жобаның орны Дубай жағалауынан 4 км қашықтықтағы The World Islands аралдарында болады деп белгіленді. Қалашықтың жарты бөлігі судан тұрады. Мұнда келушілер теңіз жолын пайдалана алады. Италиядағы "Қасиетті Марк атындағы алаң" дәл осы атауымен Дубайда да бой көтеріп, үйлену тойын осында атап өткісі келгендердің неке қию салтанаттары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жаңа мекенде қонақ үйлер мен демалыс орындарынан бөлек, итальяндық фестивальдер мен көрмелер өтетін орындар бөлінген. Туристерге өз есігін 2020 жылы ашады деп күтіліп отырған "Су үстіндегі Венеция" 12 жағалау дайындап отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?