BBC Бішкекте апатқа ұшыраған жүк ұшағына Түрік әуе жолдары фотосуретін қолданып манипуляция жасады.
Қырғызстанның астанасы Бішкекте елді мекенге құлаған жүк ұшағын Түрік әуе жолдарының ұшағы құлағандай халықаралық манипуляция акциясы басталды, –деп хабарлайды түрік ақпарат агенттіктері.
Хабарды Түрік әуе жолдарының ұшақ фотосуреттерін пайдаланып, жариялаған баспасөздің операциясына ағылшын BBC телеарнасы басшылық жасауда.
Ұшақ немесе экипажының Түрік әуе жолдарымен байланысы жоқ апатты әлем баспасөзіне Түрік әуе жолдарының фотосуретімен таратқан BBC оқиғаның халықаралық қоғамда осылай орын алуына жол ашты.
Жүздеген адам BBC-ге наразылық көрсетті. Түрік әуе жолдары апатқа ұшыраған ұшақпен байланысы жоқ екенін жариялады. Алайда BBC хабарын өзгертпей спекуляциялық әрекетін тветтерден де жалғастырды.
BBC Бішкек маңында апатқа ұшыраған ACT әуе жолдарының жүк ұшағын оқырмандарына «Түрік әуе жолдары Қырғызстанда тұрғын үйлердің үстіне құлады» деп таратты.
ACT Әуе жолдарына тиесілі жүк ұшағы азанда жергілікті уақытпен 07:30-да Гонконг-Бішкек сапары кезінде Бішкек маңындағы бір ауылға құлап, оқиғада 37 адам қаза тапқан болатын.
Халықаралық қоғам Түрік әуе жолдарының тиісті ақпарат мекемесі жайлы заңдар аясында шағымдануын күтеді.
«The Qazaq Times»