АҚШ президенті осыдан бірер күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, Жапония мен Оңтүстік Кореяға сатып беретін ең озық әскери техникалардың санын арттыратынын мәлімдеген болатын. АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея жоғары лауазымдыларының соңғы кездегі көзқарасында, үш елдің әскери одақтастығы алдағы уақытта тіпті дами түспек. Бұл туралы «Шинхуа» ресми сайты хабарлады.
Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, АҚШ Жапония мен Оңтүстік Корея озық әскери құрал-жабдықтарды сату көлемін ұлғайтып, сол арқылы Солтүстік Шығыс Азиядағы одақтастарының әскери қуатын арттыра түседі. Бұл Солтүстік Кореядан келетін қауіп-қатерге одақтастарының қарсылық қуатын арттыру үшін жасалғалы отыр. Алайда, бұл алдағы уақытта Корей түбегі мәселесінде белгісіздік пен шиеленісті жағдайды өршіте түсуі мүмкін деп қарайды.
Күз айының алғашқы күнінде АҚШ президенті мен Оңтүстік Корея президенті телефонда сөйлескен кезде, америкалық озық әскер жабдықтардан құны неше млрд тұратын қаруларды сатып беру-сатып алу келісіміне келген. Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің берген мәліметінде, Америка Құрама Штатының Оңтүстік Корея мен Жапонияға, Солтүстік Кореядан келетін қатерлерге қарсы тұра алуы үшін дәстүрлі және ядролық озық қаруларды да сатып беруге келісім бергенін айтты. АҚШ пен Кореяның Қорғаныс министрлері телефон арқылы, Американың стратегиялық бомбалаушы ұшақтары мен авиоматкаларын (ұшақ тасымалдаушы кеме) Оңтүстік Кореяға жіберу туралы кеңескен.
Әзірге дейін нақты қандай қару-жарақтардың сатылатыны туралы толық мәлімет жоқ. Тек, Жапония өзінің әуе қорғаныс күштерін жетілдіру үшін «Патриот-3» зымыранының «PAC-3MSE» бөлімін сатып алатыны белгілі. Бұл қару-жарақ сату мен сатып алу Солтүстік Кореямен қатар, Ресей және Қытайдың да алаңдауын туғызып отыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер