Сүриядағы Ресей әскерлерінің командирі 6 қыркүйекте жасаған мәліметінде Ресей күштері Сүриядағы әуе операцияларында екі апта ішінде 1200-ден астам террористің көзін жойғанын айтты. Олар 80-нен аса брондалған автокөлік пен террорлық топтың 200-ден астам көліктерін қиратқан. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Сүриядағы Ресей әскерлерінің командирі Сергей Суровикиннің айтуынша, ресейлік ұшақтар өткен екі аптада 1400 реттен астам рейске көтеріліп, 2600 реттен артық шабуыл жасалды. Шабуыл көбінде Сүрияда орналасқан террорлық топтың базаларына бағытталды.
Ресей ұшақтарының шабуылынан 83 брондалған техника жойылған. Оған қоса үлкен калибрлі қарумен жабдықталған 200-ден астам көлікті талқандаған. Бұл шабуылдарда шамамен 1200 террорист жойылды делінген.
Ресей әскери лауазымдысы сөзінде, бұл шабуылдардың Сүрия армиясын қолдап, «Ислам мемлекеті» ұйымының негізгі күштері шоғырланған базаларға бағытталғанын жеткізді. Операцияларға Ресейдің Су-34 және Су-35 жойғыш ұшақтары да қатыстырылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер