Бүгін Ресейдің Қиыр-Шығысында (Владивосток қаласында) өтіп жатқан экономикалық саммиттің екінші күні. Жапонияның премьер-министрі Шинзо Абенің (Shinzo Abe) бүгінгі қызмет күн тәртібінің ең маңызды бір бөлігі - Ресей президенді Владимир Путинмен кездесу. Кездесудің басты тақырыбы Солтүстік Корея мәселесі болады деп күтілуде. Бұл туралы «The New York Times» басылымының таңғы жаңалықтар топтамасында айтылды.

Сәрсенбі күні Ресей басшысы Солтүстік Корея мәселесі туралы өз ойын айтқанда, қазіргі кезде жасалып жатқан КХДР-ға бағытталған экономикалық қысымдар мен әскери шараларды қатаң айыптаған болатын. Бұл шаралар Солтүстік Корея мәселесін шешуден көрі одан арман ушықтырып жіберетінін айтқан еді. Ол сөзінде: «Біз бұл мәселеде эмоциямен шешім қабылдамауға  тиіспіз. Бұл Солтүстік Кореяны тығырыққа тірейді және әлемдік үлкен апатқа алып келуі мүмкін», – деген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлем елдері басшыларымен телефонда сөйлесу кезінде, Солтүстік Кореямен келіссөз жасау туралы ұсыныстарды қабылдамаған. Трамп мен Қытай басшысы телефонда сөйлесу кезінде, екі ел басшысы ортақ пікірге келе алмағаны туралы әлемдік басылымдар жазды. Ал бүгін, АҚШ-тың Сеулдегі «Сад» зымыран жүйесін Сеулге жақын жерде орналастыру ісі аяқталады деп күтілуде. Осының бәрі Солтүстік Корея мәселесіндегі әлем елдері мен басшылары арасындағы диалогтарды жеделдете түскенін көрсетеді.

Айта кетейік, Жер серігінен түсірілген суреттерге қарағанда Солтүстік Кореяның соңғы ядролық сынағынан тау көшкіндерінің болғаны анықталып отыр.

“The Qazaq Times”