Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.

Ұлыбритания премьер-министрлігі жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Мэй мен Трамп кеше кешке сөйлескен. Әңгіме барысында екі жақ Солтүстік Кореяның соңғы кездегі баллистикалық зымыран сынағы жайында талқылып, Солтүстік Корея мәселесінің шешілуіне Қытайдың маңызды рөл атқаруы керектігі жайлы бірдей көзқараста болды. Мэй Солтүстік Корея режимінің тек аймақтық емес, жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін де қауіп төндіріп тұрғанына алаңдайтынын айтты.

Сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Солтүстік Корея мәселесінде Халықаралық ұйымдардың жауапсыздық танытпауын ескертті. Қазіргі жағдайда осы елге бағытталатын әрқандай шараларда АҚШ және халықаралық ұйым одақтастарымен ынтымақтастық жасайтынын атап өтті.

“The Qazaq Times”