"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры қол астындағы компанияларды Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы IPO-ға шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қордың Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қор екі жақты бағытты қарастырып жатыр. Оның бірі - компанияларды IPO-ға дайындау болса, екіншісі - "Астана" ХҚА-мен сауданы өткізу бойынша келіссөздер жүргізу.
"Біз АХҚО-мен келісім жасап жатырмыз және жақын арада ашылып қалуымыз мүмкін. Егер біздің IPO-ға шығару туралы жоспарымыз бен олардың ашылу күні сәйкес келетін болса, біз осы алаңда сауда жүргізуді қарастыратын боламыз. Бірақ мұның қашан болатыны әлі белгісіз. IPO-ға дайындық - өте нәзік процесс, қазір біз инвестициялық банктер және консультанттармен белсенді жұмыс істеудеміз. Менің ойымша, орналастырудың мерзімі мен орны туралы ең оңтайлы шешім кейінірек қабылданатын болады", - деді ол.
Сондай-ақ, Рахметов IPO эшалонына алдымен "Эйр Астана" мен "Қазатомөнеркәсіп" шығатынын және аталған көмпанияларға қатысты белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Алайда олардың да қашан шығарылатынын нақты айта алмаймын. Бірақ өздеріңіз білетіндей Президент бұған асықпау керегін айтқан. Бастысы халыққа пайда болу керек", - деді ол.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті