Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының орталығында атыс болды, деп хабарлайды centralasian.org ақпарат көзі.

Қыркүйектің 5-і күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00 шамасында Ташкент қаласының орталығында милиция қызметкерлері «Спарк» автокөлігіне мінген қылмыскерге қарсы қару қолданған.

Ташкент ІІД мәліметі бойынша, 4 қыркүйек күні қалалық милиция бөлімшелерінің біріне «Спарк» автокөлігінің ұрланғаны жайында хабар келіп түсікен. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыркүйектің 5-і күні автокөлік Дене шынықтыру мемлекеттік институты маңынан табылған. Көлікті тоқтату барысында қылмыскер қарсылық көрсеткен, сол себепті милиция қызметкерлері оған қарсы қару қолдануға мәжбүр болған.

Қазіргі таңда ұрланған автокөлік табылған. Оны қылмыскер қала шетіндегі Боткин бейіттер арасына тастап кеткен.

“The Qazaq Times”