Халықаралық "Save the Children" қайырымдылық қоры Газа секторындағы 1 миллион бала өмір сүруге қажетті қарапайым мүмкіндіктерден тыс қалып отырғанын жеткізді. Ұйымның өкілдері: "Газа секторындағы балалар өте ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр" деп мәлімдеді. Бұл туралы Al-Jazeera ақпараттық агенттігі жазды.
Қайырымдылық ұйымының келтірген деректеріне сәйкес, Газа секторы маңындағы теңіз суының 60 пайызы қалдық сулармен ластанған, су ресурстарының 90 пайызы адам баласы ішуге жарамсыз.
Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасынан бастап, ХАМАС пен Палестина Президенті Махмұд Аббастың арасындағы салыққа байланысты келіспеушіліктерден кейін, осы өңірді мекендейтін 2 миллонға жуық халық жарықсыз қалып отыр. Күніне 3-4 сағатқа ғана берілетін электр энергиясы 740 мектептің жұмысын тежеп, қиындатқан.
БҰҰ Газа секторындағы блокада жуық арада шешілмесе, 2020 жылға қарай бұл аймақ адам мекендеуге жарамсыз орынға айналады деген мәлімдеме жасаған болатын.
2007 жылы ХАМАС тобы Газа секторын басып алғаннан бері, гуманитарлық дағдарыс жыл өткен сайын ушығып келеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы