Қытай Қырғызстанмен екі ортадағы шекараны уақытша жабатын болды – деп хабарлайды Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы.
Қытай билігі құрбан айт кезінде Қырғызстанмен арадағы шекараны уақытша жабу жөнінде шешім шығарған. 1084 шақырымға созылатын қырғыз-қытай шекарасында «Еркештам автожол» және «Торугарт автожол» деген екі ғана шекара бекеті бар.
Екі ел арасындағы шекара Қытай билігінің бастамасымен қыркүйек айының 1-5 күндері аралығында жабылатын болады. Қырғыз шекара қызметі баспасөз орталығы қызметкерлерінің айтуынша, ресми Бейжіңнің бұл шешімі таң қаларлық дүние емес. Өйткені олар жыл сайын кез келген діни мереке кезінде екі ел арасындағы шекараны уақытша жауып тастайтын көрінеді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?