Қырғызстанда тәуелсіздік күні лаңкестік шабуыл жасамақ болған террорлық топтың көзі жойылды, деп хабарлайды ca-news.org ақпарат көзі.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, лаңкестік топты ұстауға байланысты арнайы операция тамыздың 28-нен 29-на қараған түні Шу облысының Жайыл ауданында болған. Арнайы операция барысында ҰҚК-ның өз еріктерімен берілуге байланысты ұсынысына террорлық топ мүшелері оқ жаудырумен жауап берген. Осыдан кейін «Альфа» арнайы жасағы лаңкестік топ мүшелеріне қарсы күш қолданған. Салдарынан террорлық топтың екі мүшесі оққа ұшып, біреуі жарақат алған. Оқиға орынын тексеру барысында ҰҚК қызметкерлері РГД-5 гранатасын, «Макаров» тапаншасын және бірнеше пышақ тапқан.

Фото: ca-news.org
Бұған дейін Бішкек қаласында ҰҚК мен ІІД қызметкерлері бірігіп террорлық топтың тағы бір мүшесі М.Б есімді азаматты ұстаған. Тексеру барысында оның автокөлігінен револьвер, әр түрлі калибрдағы оқтар мен «Макаров» тапаншасының оқ салғышы тәркіленген. Бұдан бөлек "террорлық ұйымға көмектесті" деген күдікпен 1960 және 1985 жылдары дүниеге келген К.О және Т.А есімді азаматтар ұсталып, қамауға алынған.
Қазіргі таңда күдіктілер үстінен «терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?