Осыдан екі күн бұрын, Солтүстік Кореяның кеңістікке шығарған үш бірдей зымыран сынағы туралы Оңтүстік Корея үкіметі мен БАҚ алғаш болып хабарлаған еді. Кезекті зымыран сынағындағы қысқа қашықтағы зымырандары АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскери базаларына жете алады. Бұл - КХДР-ның алдынғы айдан бері алғашқы қысқа қашықтағы ракета сынағы. «The New York Times» басылымының хабарында, АҚШ Тынық мұхит қолбасшылық штабы бұл үш зымыранның біреуі жерден көтеріле бере жарылып кеткен де, ал өзге екеуі 250 шақырым қашықтыққа дейін ұшып барып, теңізге құлаған.
Пиоңяң (Пхеньян) тарабының зымыран сынағын қалпына келтіруі, Құрама Штаттар мен Оңтүстік Кореяға қару сынақтарын және басқа да арандатушылықты тоқтатуға берген ескертуі деуге де болады. Өңір қауіпсіздігінен алып қарар болсақ, Солтүстік Кореяның зымыран сынағы әлемге қаншалықты жеккөрінішті болса, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ондағы әскери оқу-жаттығуы да өңір тыныштығына соншалықты кереғар іс. Яғни, өңірлік даудың ушығуы әсте бір жақты менмендіктен емес.
Сенбі күні ұшырылған зымырандардың АҚШ пен Оңтүстік Кореяны алаңдататын себебі – бұл зымырандардың ұшып жеткен аралығы, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен ірі әскери базаларына ұшып баруға жеткілікті қашықтық. Оңтүстік Кореядағы АҚШ-пен бірлескен әскери база болса Сеул қаласынан оңтүстікке 100 шақырым айналасындағы жерге орналасқан. «Солтүстік Корея сан рет зымыран сынағанымен көп түтікті ракеталарын ұшыруы, олардың бұл салада біршама алға басқан жетістіктерін көрсетеді». - деп қарайды «Нью-Йорк таймс» басылымы. Сонымен, Америка Құрама Штаттары «Сад» деп аталатын алдыңғы қатарлы зымырандық қорғаныс жүйесін орнатуға кірісті.
Қазір Оңтүстік Корея қауіпсіздік салалары үш зымыранды жан-жақты тексеруді бастап кетті. Солтүстік Корея осыдан бұрын да 300мм калибрлі көп түтікті зымырандарын сынаған болатын. Сонымен қоса сегіз түтікті зымырандарын көрсеткен кездері де бар. Осының бәрі Оңтүстік Корея үкіметін алаңдатып отыр.
Тек зымырандар ғана емес, Солтүстік Корея екі Корея шекарасына ұзақ қашықтыққа атылатын артиллерияларын да орналастырып қойған. Зымырандарын былай қойғанда, артиллерияларының өзі Оңтүстік Корея орталық қаласын атқылауға қабілетті. Осының өзі Оңтүстік Кореяның көптеген қалаларын өрт теңізіне айналдыра алады. Диаметрі 240 мм болатын ескі зымыранның жойғыш қуатының өзі диаметрі 60 шақырым аумақты құрайды. Бұл 10 млн халық тұратын Сеул қаласының аумағымен қарайлас.
Солтүстік Кореяның бұл жетістіктерінің өзі АҚШ пен Оңтүстік Кореяны алаңдатуға жеткілікті. Екі одақтас бірлесе өткізген әскери оқу-жаттығулар Солтүстік Кореяға қыр көрсетіп, сабасына түсіру мақсатында болды. Бірақ, оның нәтижесі істі одан арман ушықтырмаса жеңілдеткен жоқ. Солтүстік Корея ерегесе тұрып, зымыран ұшырды. Міне бұл қазіргі Корей түбегінің қолдан жасалып отырған қайшылығы.