БҰҰ-дағы Сүрияның арнайы өкілі АҚШ басқарған халықаралық коалицияның Ракка қаласын бомбалауын уақытша тоқтатуын талап етті. Себебі, Раккадағы 20 мың бейбіт тұрғын Ракка қаласында Халықаралық коалиция мен террорлық ұйымның қыспағында қалып отыр. Сүрия өкілі бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды сұрауда. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Сүрия өкілі көрсеткен мәліметке қарғанда, қазір 11 аймақ террорлық ұйымның қоршауында. Бұл аймақтардың 540 мың бейбіт тұрғындары қысым астында қалып қойған. Әрі олар гуманитарлық көмектер жеткізілмесе өздігінен көшуге дәрменсіз болып отыр.
Ракка қаласы Сүриядағы ДАИШ ұйымының ең негізгі қаласы. Халықаралық коалиция террористтерге соққы беру тебінін арттырып, Ракканы қыспаққа алған сайын ондағы бейбіт тұрғындарға да қатер молая түсуде. Мәліметтерге негізделгенде аталған қалада 20 мың немесе одан да көп жазықсыз бұқара екі күш арасында қыспақта қалып отыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер