2017 жылдың мамыр айына қарағанда 2018 жылы әлемдік нарықта артық қант көлемі екі-үш есеге көбеюі мүмкін. Ал бұл Бразилия, Тайланд және Еуропалық одақ елдеріндегі өнімді шығару қуатының артуы нәтижесінде өндірістің көбеюімен байланысты болады. Мұндай болжамды аустралиялық Green Pool Commodity Specialists компаниясының сарапшылары айтып отыр.
Дайындалған баяндамадағы мәліметке сенсек, келесі ауыл шаруашылық жылында қант ұсыну осыдан екі жыл бұрын болған қант тапшылығын жойып, сұраныстан көп болады. Өндірістің артық көлемі мамыр айында болжанған 5,553 миллион тоннаға қарағанда 7,142 миллион тоннаны құрайды және бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетеді.
Мысалы Нью-Йоркте қант шикізатының бағасы 30%-ға арзандаған және бұл Bloomberg-тің тауар индексіндегі ең нашар нәтиже болған. Green Pool мәліметінше, келесі жылы әлемдік нарықта қант өндірісі рекордтық деңгейге жетіп, 191,1 млн тонна шамасында болады. Тайландтағы өндіріс 21%-ға көбейіп, 11,9 млн тоннаға дейін жетеді. Бұдан бөлек, сарапшылардың сөзінше, қанттың денсаулыққа зиян болуына байланысты және басқа балама тәттілердің көбеюіне байланысты тұтыну азаяды.
Айта кетейік, Қазақстанда күзгі жиын-терім маусымында қан тапшылығы көбейіп, баға аспандап кетеді. Алайда елдегі жауапты министрліктер "биылғы жылы қант бағасы қымбаттамайды және тапшылық болмайды" деп сендіріп отыр.