БҰҰ-ның стандарты бойынша бір адамды 30 шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін  құрылыс белсенділігі жылына бір адам үшін 1 шаршы шақырымды құрау қажет. Алайда құрылыс осындай қарқынды болған күннің өзінде Қазақстан халықты тұрғын үймен толық қамтамасыз етуге 2035 жылға қарай жете алады,  деп хабарлайды ranking.kz сараптама агенттігі. 

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж адамдардың саны 2,5 млн адамға жеткен немесе жалпы халықтың 14 пайызын құрайды.

Ал мемлекет БҰҰ-стандартына тым болмаса 2030 жылға дейін қол жеткізу үшін елдегі тұрғын үй қоры 2 есеге артып, жылдық орташа өсімі 5 пайыз болу керек.

Соңғы жылдары жылдық орташа өсім 0,7 пайыз ғана болған. 2016 жылдың соңында салынған тұрғын үйлердің құрылысы бір адамға есептегенде тек 0,59 шаршы метрді құраған.

2017 жылдың қаңтар-шілде айында 6,2 млн шаршы метрі тұрғын үй пайдалануға берілген. Енді құрылыс белсенділігінің өсімін арттыру үшін жыл соңына дейін 6 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс.

“The Qazaq Times”