Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сүриядағы тармағы PYD әл-Бабқа зымыран шабуылын жасады. Салдарынан бейбіт тұрғындардан 8 адам жарақат алды деп хабарлайды «Түрік Теле-Радио» қызметінің сайты. Зымыран шабуыл Халебтің солтүстік шығысындағы Баб ауданында жасалған.
Мәліметтерге сүйенсек шабуылға ұшыраған Шеала ауылында әйелдермен балаларды қамтыған 8 адам түрлі жарақат алған, бір тұрғындар ауласы бүлінген. Жараланғандар емханаға жеткізілген. Зымыран шабуылы материалдық шығынға ұшыратқан.
Аталған террор ұйымы бұл аймақта жиі шабуыл жасайды. Олар ауылдарға пулеметтен оқ жаудырады немесе «Grad» зымырандарымен атқылайды. Бұдан бұрын бұл аймақты террорлық ДАИШ ұйымы бақылауына алған. Түркия қарулы күштерінің көмектесуімен, Еркін Сүрия армиясы Баб ауданын террорлық топтан тазартқан. Алайда, ПКК күштері ондағы араб тұрғындарға шабуылдарын тоқтатпаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі