АҚШ әскери-теңіз күштерінің хабарына қарағанда, АҚШ-тың теңіз флотының «Фицджеральд» атты су үсті жойғыш кемесі мен «Aegis» атты Жапонияның контейнерлік жүк-тасымал кемесі соқтығысып, салдарынан 7 америкалық жауынгер көз жұмған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр.

Кемедегі әскерилер тұрағы. Фото: Шинлаң
АҚШ әскери флоты жоғары әскери шендісі 17 тамызда жасаған мәлімдемесінде, АҚШ әскери кемесінің апатқа ұшырауы күтілмеген, әрі жазатайым жағдай деп түсіндірген. Кемелердің қақтығысы Жапонияның Шизуока префектурасындағы Иду түбегіне жақын су айдынында болған.

Жапонияның жүк тасымал кемесі. Фото: Шинлаң.
АҚШ теңіз-әскери күштері әскерилерінің құрбан болғанын бірер апта жасырып келген. Жапон жүк тасымал кемесі АҚШ әскери кемесінің сол жақ жанынан жанаса келіп соғылысқан. Әскери кемедегі жақтау темірлер ішіне қарай опырыла майысып кеткен. Бұл тұс әскерилердің жатын бөлмесіне жақын болғандықтан, ондағы 10 әскери сығылысқан темірлер арасында қалып кеткен. Кейін 3 адам құтқарылған. Қалған 7 бірдей әскери көз жұмған. Жапон кемесі айтарлықтай зардап шекпеген.


















Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты