Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украинаға қыркүйек айының 10-ы күні баратынын айтты, деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Михаил Саакашвили өз жақтастарына арнап өткізген онлайн конференцияда: «Мен Украинаның Польшамен арадағы шекарасының «Краковец» бекетінен 10 қыркүйек күні өтетін боламын. Киев билігі мені Украина азаматтығынан айырса да мен сол елдің азаматтығы жоқ адамымын. Менің тұрғылықты мекен-жайым, барлық жеке заттарым Украинада» - деген.
Естеріңізге салайық, шілденің 26-сы күні Украина президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарып тастаған болатын. Бірақ оның украиналық құжаттарын ел билігі жарамсыз деп танығанымен, Саакашвили АҚШ пен Польша арасында еркін барып-келіп жүр.