Халмаагийн Баттулга Монғолиядағы Қазақстан елшісі Қалыбек Қобландинді қабылдады, деп хабарлайды Монцамэ ақпарат агенттігі.
Кездесуде Қалыбек Қобландин Монғолия президенті Халмаагийн Баттулгаға президент болып сайланғанына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтау хатын табыстады.
Бұдан бөлек ол: «Биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Монғолия арасындағы байланысты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды» - деді.
Ал Халмаагийн Баттулга өз кезегінде алдағы кездесулерде де Қазақстандық тараппен ой бөлісетінін айтып, елшілік қызметіне сәттілік тіледі.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?