АҚШ пен Солтүстік Корея арасында бір-біріне бағытталған сес көрсетіп, айбар шегу, ескертулер мен айыптау сөздерін жолдау толастар емес. Осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарата жасаған ескертуінде: «Егер КХДР АҚШ-қа қауіп төндіргенін тоқтатпаса, оны тек қана сұрапыл өрт күтіп тұр» деген еді. Ал, кеше сөйлеген сөзінде бұл ескертуінің айтарлықтай қатаң болмағанын алға тартты. Ол алдынғы ескертуіне үстеме ретінде: «Солтүстік Корея өзін өзі ұстай білгені ең абзал. Олай болмағанда бір емес бірнеше елдің қатаң соққысына тап болады», – деді. Бұл туралы АҚШ-тың танымал басылымы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Трамп сөзінде: «Қазір кейбір адамдар АҚШ және өзге одақтас елдердің орнынан өре түрегелетін кезі жетті деп қарайды. Бұлардың қайтарым жауабы әуелдегіден әлде қайда қатаң болатыны анық. Біз бұны жүре көретін боламыз», – деді. Бұл АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қаратқан ең жаңа ескертулерінің бірі.
Трамп АҚШ қарулы күштері өзінің ұстанымын толықтай қолдайды деп қарайды. Президент Трамп бір жақтылы көшбасшының пәрменімен, соғыс қозғау мүмкіндігіңіз бар ма деген сұраққа, «Олай дей алмаймын, мен ешқашан оған жауап бере алмаймын» деді. Сонымен бірге ол америкалықтарға алаңсыз болсын деп кепілдік берді. Егер Солтүстік Корея алдымен соғыс қозғайтын болса АҚШ пен оның одақтастары бұл істің жауабын келістіріп алатынын, әрі, істің Солтүстік Корея ойлаған бағытқа дамымайтынын айтты.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер