Өзбекстан Орталық Азия елдеріне сыртқы саясаттағы ұстанымдарын тансытрады - деп мәлімдеді Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тамыздың 11-і күні СІМ-гі Ташкентте ЕҚЫҰ (ОБСЕ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп, «Өзбекстанның Орталық Азиядағы басты саяси ұстанымдары» атты конференция өткізетін болады.
Форум барысында ұйымдастырушылар көпшілікке Өзбекстанның алдағы уақытта Орталық Азия елдерімен қандай қарым-қатынас орнататындығы және өңірдегі қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету үшін Өзбекстан қандай қадамдар жасайтындығы жайында айтылады деп күтілуде.
Конференцияға Өзбекстан парламентінің депутаттары, Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен саясаттанушылары, көрші елдердегі Өзбекстан Республикасының елшілері қатысатын болады.
Айта кететін бір жайт Өзбекстанда билік басына Шавкат Мирзиеев келгелі бері ресми Ташкенттің сыртқы саясаттағы ұтанымдары өзгерген. Ислам Кәрімовтың кезінде жабық есік саясатына басымдық берген Өзбекстан билік жүиесі, Мирзиеев келгелі ішкі және сыртқы саясатын түбегейлі өзгертуге кіріскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?