Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын қабылдады. Бұл туралы бас банкітің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама банк секторының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша үш бағытты көздейді:
- қадағалауға ден қоюдың сапасын және жеделдігін арттыру үшін реттеу
және қадағалау ортасын өзгерту; - жүйе құраушы банктің қаржылық орнықтылығын
арттыру; - ірі банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру.
"Бағдарлама мемлекет қаражатының ақылылығы, мерзімділігі және қайтарымдылығы қағидаттары бойынша іске асырылады. Бағдарламада акционерлердің банктерді қосымша капиталдандыру жөніндегі ортақ
жауапкершілігі көзделеді. Бағдарлама шеңберінде банктердің акционерлері банкті қосымша капиталдандыру және активтердің сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс, бұл Бағдарламаға қатысудың міндетті талабы болып табылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Реттеуші банкті мәліметінше, банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар 5 жыл ішінде банктердің баланстарын проблемалық берешектен тазартуға (капиталдандыруды есептен шығаруды, кешіруді және активтердің сапасын жақсарту бойынша басқа шараларды қамтамасыз ету есебінен), банк секторының жиынтық меншікті капиталын ұлғайтуға әкеледі, бұл банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуіне қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін де Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осы жылдың соңына дейін банк секторын сауықтыру аясында банктерге қаржы берілетінін мәлімдеген. Ал жоғарыдағы бағдарлама жүзеге асар болса екінші деңгейлі банктер "алма піс, аузыма түс" деп мемлекет қаржысына "масыл" болуды үйреншікті әдетке айналдарады деген сөз.