Шетелдік ақпарат көздері АҚШ жоғары лауазымдыларының сөзіне сілтеме бере отырып, АҚШ-тың жойғыш ұшағы Парсы шығанағында Иранның ұшқышсыз ұшағының қудалауына ұшырағанын хабарлады. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпараттық агенттігі өз сайтында жазды.

АҚШ әуе күштерінің F/A-18E жойғыш ұшағының Парсы шығанағындағы Нимиц авиаматкасына қонуға дайындалған кезінде, кенеттен Иранның қаруланбаған дронның қуғынына ұшыраған. Екі ел ұшағы бір-біріне 31 метр аралыққа дейін жақындап келген. Тіпті соқтығыса жаздаған.

Reuters агенттігінің 8 тамыздағы хабарында, АҚШ қорғаныс өкілдерінің атын атағысы келмеген бір лауазымдысы оқиғаны: "АҚШ жойғыш ұшағы ұшақ тасымалдаушы кемеге (авиаматка) қонуға дайындалған кезде, соңынан ирандық ұшқышсыз ұшақ ілесе ұшып жақындаған. АҚШ жақ радио сигналы арқылы ескерту берсе де Иран дроны қауіпті жағдайда жақындай түскен. АҚШ ұшағы қону операциясын рұқсатсыз шұғыл түрде жүзеге асыруға мәжбүр болған", - деп түсіндірген.

Иран мен АҚШ-тың соғыс кемелері мен барлаушы ұшақтары Парсы шығанағында сан рет жүздесіп қалады. Алайда, Иран дронының АҚШ жойғыш ұшағына мұншалық жақын келуі алғаш рет. Оның үстіне бұл жойғыш ұшақтың кемеге қонуы кезінде орын алған.

2015 жылы АҚШ бас тартқан 6 елмен ядролық бағдарламаны тоқтату келісіміне келді. Иран өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатудың орнына, Батыс елдерінің экономикалық қысымын жоюмен алмастыруды үміт етті. Алайда, Трамп АҚШ президенттігіне келгелі бері, Орта-Шығыстағы АҚШ саясаты тіпті тарылып, Иранды оқшаулау саясатын жеделдетті. Уашингтонның қарауынша, Иранның баллистикалық зымырандары АҚШ-тың кейбір иелікті мүдделеріне қауіп төндіреді. Ал, Иран жақ баллистикалық зымырандарды дамыту мемлекеттік қауіпсіздіктің маңызды бір бағыты. Сондай-ақ, бұл бағдарлама келісімде қамтылмаған.

18 шілде күні, Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялағаннан кейін, Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, АҚШ санкциясын орынсыз деп айыптады. Әрі Уашингтонның санкциялары соншалық мағынасыз және түкке тұрғысыз деп сынады. Оның қайтарым жауабы ретінде Иран жақта АҚШ-тың кейбір тұлғаларына санкция салды.

“The Qazaq Times”