Тамыздың 7-сі күні Монголия Банкі «Монғол алтыны» бағдарламасын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Монцамэ ақпарат көзі.
Монгол Банк жасап шыққан «Монғол алтыны» бағдарламасы бойынша, ел үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп мемлекеттің валюта қорын ұлғайтуы тиіс.
«Монғол алтыны» бағдарламасы үш айға созылатын болады. Осы үш ай ішінде Монғол Банк ел халқына, мемлекеттік емес компанияларға елдің валюта қорын көбейту үшін алтын сатып алатындарын түсіндіреді.
Естеріңізге салайық, шілде айында Монғолия президенті Халмаагийн Баттулга Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесу өткізген. Кездесу барысында қор өкілдері Халмаагийн Баттулгаға ел экономикасы жоғары көрсеткіштер көрсетіп тұрғанда валюта қорын ұлғайту керектігін айтып, кеңес берген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы