Швейцариядағы құны 18 миллион доллар тұратын үйді Гүлнара Кәрімоваға атам Ислам Кәрімов сыйлаған - деді Гүлнараның ұлы Ислам Кәрімов ВВС телеарнасына берген сұхбатында.
«Мен анамның қанша қаржысы бар екенін жақсы білемін. Өзбекстан бас прокуратурасының 2 млрд долларды жымқырды деген айыбымен мүлде келіспеймін. Мен қазір ешкімнің атын атап, түсін түстемеймін бірақ, жақында біз қазір Өзбекстан билігі мен күштік құрылымдарының басында отырған азаматтар жайында материалдар жариялайтын боламыз. Ол жерде менің анам жымқырды делінген 2 млрд долларды былай қойғанда, ол материалда 3-4 млрд, тіпті оданда көп қаржы көрсетілген. Бірақ оны ешкім айтпайды» - деді Гүлнара Кәрімованың ұлы Ислам ВВС телеарнасына берген сұхбатында.
Бұдан бөлек Ислам Кәрімов анасы Гүлнара Кәрімованың атына жазылған Швейцариядағы 18 миллион доллар тұратын үйді атасы Ислам Кәрімов сыйлағандығы жайында айтқан. Оның сөзінше, Гүлнара Кәрімова Швейцарияға жұмыс бабымен барғанда атасы Ислам мен апасы Татьяна ол үйді Гүлнараға сыйлық ретінде сатып алып берген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?