Қазіргі кезде Құрама Штаттың Ақүйінде кадрлар алмасуы жиі болып жатыр. Мысалы АҚШ Коммуникация кеңсесінің директоры Энтони Скарамукси тағайындалған қызметінде 10 күн ғана болып, кейін жұмыстан қуылды. Скарамукси бұрынғы Теңіз армия адмиралы Жон Келлидің талабы бойынша қызметтен босатылды. Ақүй шенеуніктерінің айтуынша, Келли кадрлар қосынында тәртіпті нығайту үшін осы қадамға барған. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Ақүй шенеуніктерінің бұл істің жайын былай деп баян етті: Келлидің қызметке тағайындалуы, ант беруі рәсіміне Энтони Скарамукси де қатысқан. Рәсімнен кейін екеуі Келлидің жұмыс кеңсесіне дейін әлденені әңгіме етіп бірге келген. Сол жерде Келли оны жұмыстан босатылатынын мәлімдеген.
Президент Трамп Келлиге Ақүй кадрларын басқару ісін міндеттеген. Оның қызметке тағайындалып алғашқы шығарған шешімі Скарамуксиді жұмыстан босату болды. Уашингтон билік басындағылары Ақүйде болып жатқан кадрлар алмасуының жиілеп кетуі қатты алаңдатып отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы