«Новая газета» басылымы 10 маусымдағы санында, 26 қаңтарда Шешенстанның Грозный жерінде өлтірілген 27 шешен азаматының тізімі жарияланған болатын. Шешенстан билігі бұл ақпаратты «Газеттің қорқынышты қиялы» деп бағалаған еді. Алайда, жақында өлгендердің жақындары BBC арнасына ақпарат беріп, биліктің өздерінен «қаза болғандардың бәрі де Сүрияға кеткен және олар үйден өз бетімен шығып кеткен» деген мазмұндағы хат жаздырып алғанын мәлімдеген. Бұл туралы BBC сайтында жазылды.

Қазаға ұшырағандардың туыстары полиция өздеріне хабарлағанға дейін бұл сұмдық оқиғадан бейхабар болғанын айтты. Олар және қайтыс болғандардың өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынғанын, ал «Новая газета» басылымында қаңтар айында өлтірілді деп жазылғанын айтқан.

ВВС арнасының хабарына қарағанда, жергілікті құқық қорғау органдары жоғалғандар туралы шағымданып келген адамдарға еш жауап қатпай отыр. Сонымен бірге аталған ақпарат агенттігі жоғалғандардың туыс-туғаны полицейлер жағынан қысым көруде. Шағымдана барғандарды қамауға алып, олардан «Жоғалғандар Сүрияға кетті, белгісіз біреулер алып кетті» деген сипаттамаға қол қоймаса босатпайтындарын айтқан.

Өткен жылы желтоқсан айында Грозный жерінде бір полицей өлтірілген. Қастандыққа ұшыраудан бұрын оның автокөлігі ұрланған. Осы оқиғадан кейін полиция тараулары кең көлемде операция жүргізіп күмәнді азаматтар тұтқынға алған болатын.

“The Qazaq TImes”