АҚШ қарамағындағы Сүрияның солтүстігіндегі «ДАИШ-қа қарсы әскери коалиция сүриялық жай бұқараларды қырғындауда деп хабарлайды Түркия, Иран және Ресей ақпараттық агенттіктері. Ракка қаласы маңында сәрсенбі күні жүргізілген әскери операция кезінде АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарының шабуылынан 29 жазықсыз бұқара көз жұмған. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігі өзінің ресми сайтында жазған болатын.
ИРНА-ның хабарлауына қарағанда, бұл реткі шабуылдан жарақат алған сүриялық әскери емес тұрғындар саны да көбірек болған. «ДАИШ-қа қарсы әскери коалиция» деп аталатын бұл қосынның маусым айының соңында жасаған бір реткі шабуылынан 90-нан астам адам қаза тапқан болатын. Оның басым көбі әйелдер мен балалар.
Жақында жарияланған мәліметтердің бірінде АҚШ-тың Сүрия мен Ирактағы әскери қосыны 2014 жылдан бері 3 мыңнан астам жазықсыз бұқараны оққа байлаған. Иран жақ АҚШ-ты «ДАИШ ұйымына соққы беру» сылтауымен жазықсыз Ирак және Сүрия азаматтарын қырғындауда деп айыптады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы