АҚШ Теңіз әскери кемесі Иранның патрульдік кемелерімен қақтығысып қала жаздаған. Екі елдің қарулы кемелері бір-біріне 130 метр айналасындағы аралыққа дейін жақын келген. CNN арнасының кеше кешкі хабарына қарағанда, 25 шілде күні АҚШ Теңіз әскери кемесінің бірі Парсы шығанағының солтүстігінде Иранның қарулы патрульдік кемесімен кездесіп қалған. Мұны АҚШ-тың екі қорғаныс шенеунігі растаған. Мәлімет бойынша АҚШ соғыс кемесі алдымен ескерту оғын атқан.

АҚШ қорғаныс шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, АҚШ кемесімен соқтығыса жаздаған бұл ирандық кеме Иран Революциялық Ұланға тиесілі патрульдік қайық екен. Сол кезде екі кеме аралығы 137 метр ғана болған. Олардың айтуынша, Иран патрульдік қайығы АҚШ соғыс кемесіне жақын келгенше радио қоңырауларын қамтыған ешқандай ескерту белгісін бермеген. Соңында, АҚШ әскери кемесі алдымен ескерту оғын атуға мәжбүр болған.

Халықаралық ереже бойынша, соғыс кемелері кездесіп қалғанда, қақтығыстың алдын алу үшін ескерту оғы атылады. Бұл қақтығысты болдырмаудағы ең соңғы жасалатын  шара болып саналады. Ескерту оғынан кейін Иран қарулы патрульдік қайығы қозғалысын тоқтатқан. Алайда, АҚШ кемесіне жақын су айдынында бірнеше сағатқа дейін шарлау жүргізген.

“The Qazaq Times”