Қазақстанда инновациялық гранттар жаңа ереже бойынша беріледі. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаровтың сөзінше, гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның ресми сайтында да беруге болады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» – дейді «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров.

Сонымен ұлттық агенттік басшысы айтқан 3 түрге топтастырылған грант түрлері мыналар:

  • Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант. Бұл бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі, ақшалай түрде  400 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы, заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.

  • Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде  500 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.

  • Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.

Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 66 шарт жасалды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, жалпы алғанда 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылған, 7,6 млрд теңгеден артық салық қаражаттары төленіп, жалпы сомасы 131,4 млрд теңге болатын өнім шығарылыпты.

“The Qazaq Times”