Тайланд билігі туристік және оқу мақсатымен келетін шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды lenta.ru.

Тараған ақпаратқа сенсек, Азия корольдігінің шакараралық пунктерінде шенеуніктер шетелдік қонақтардан қолма-қол артық 20 мың бат ақшасы бар-жоғын сұрайтын болған. Журналистердің анықтауынша, мұндай шаралар елдегі заңсыз шетелдіктермен күресу мақсатында жүзеге асып отыр. Тайланд заңы бойынша шетелдіктер елге  оқу немесе туристік визамен бару қажет.

Елдің иммиграциялық қызметінің өкілі бұл ақпаратты растаған. Өзінің аты-жөнін атамауды өтінген азаматтың сөзінше, Тайландқа келетіндер елге келген кезде өзін қамтамасыз ете алатын дәлелдеу керек.

Осылайша енді туристік визаны рәсімдеу кезінде шетелдіктер өзінде 20 мың бат сомасында қаражаты барын немесе отбасы болса 40 мың бат ақшасы бар екенін дәлелдеу қажет.

Айта кетейік, туристерге қатысты талапты күшейткен Тайланд қана емес. Мысалы Оңтүстік Корея елге келетін қазақстандық туристерді қатаң тексеруді қолға алған. Корея тарапынан жасалған мәлімдемеге сенсек, мұндай қатаң шаралар елдегі заңсыз қазақстандық мигранттардың көбеюі себепті енгізіліп отыр.

“The Qazaq Times”