ТМД елдерінің бейбіт мақсаттағы атом энергиясы комиссиясының арнайы отырысы шілде айының 19-21 күндері Астанада өтеді.
Бұл отырысқа ТМД елдерінің атқарушы комитетінің мүшелері, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісі жөніндегі комиссия өкілдері мен Беларусь, Армения елдерінің энергетика министрліктері келеді.
Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен "Росатом" компаниясы қатысып, атом қуатын пайдаланудың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасатын болады деп күтілуде.