Аргентинаның Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында термометр бағаны 25,4 градус аязды көрсетіп, суықтың рекордтық деңгейі орнады. Бұл туралы Аргентинаның Ұлттық метеорологиялық станциясы хабарлады.
Мұндай аяз өңірге келген «ғасыр боранының» әсерінен болған. Қаланы түгел қар басып, көшелердегі мұздықтардың биіктігі 50 сантиметрге дейін жеткен. Қатты бораннан ағаштар құлап, жергілікті әуежайдың жұмысы тоқтатылды. 25 мыңға жуық қала тұрғыны жарықсыз қалды.
Анд тауларының етегінде орналасқан Барилоче қаласы Оңтүстік Америкадағы ең әдемі туристік орталықтардың бір саналады. Мұндай аязды ауа райы қалада соңғы рет 1963 жылы болған. Ол кезде температура көрсеткіші 21,1 градус сынап бағанасынан төмен құлап, бұрын-соңды болмаған суық деңгейі деп белгіленген болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?