Қытайда ел билігі барлық әлеуметтік желілерден Уолт Диснейлік мультфильм кейіпкері Вини Пухтың суреттерін алып тастады деп хабарлайды Financial Times басылымы.
Басылымның мәліметінше, ресми Бейжің бұл қадамға Қытай басшысы Ши Жиңпиңді Вини Пухқа теңеген суреттердің әлеуметтік желілерде көптеп тарап кетуінен кейін барған.
Осыған байланысты суретті әлеуметтік желілерде өз парақшасына жариялаған бірнеше адам қамауға да алынған.
Әзірге Қытай билігі бұл іске байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған.
Financial Times газетінің айтуынша, Қытай билігі күзде өтетін Қытай Коммунистік париясының кезекті съезі қарсаңында әлеуметтік желілерде цензураны күшейткен.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?